Павлодарда HAS қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен жетекшілеріне қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ға дейін табыс алуға уәде берген.
Әлеуметтік желілерде жалған акциялар үнемі жарияланып тұрған, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салынатыны туралы ақпарат та бар. Белсенді құрылыс жүргізіліп жатқанын көрсету декорациялар мен арнайы техника жалданған.
"Салдарынан қаржы пирамидасына 5 мыңнан аса салымшы тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Сот 5 қатысушыны 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сонымен қатар, зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың ақшасына алынған, құны 1 миллиардтан асатын мүлік тәркіленді.
Активтер қатарында 4 пәтер, 18 көлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша бар.