160 үлгілі ауыл пайда болады

Dalanews 18 апр. 2019 12:49 817

Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII  съезінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарапынан республика бойынша жалпы 1753 перспективті елді мекеннің тізбесі анықталып, оның ішінде Түркістан облысынан 159 елді мекен еніп отыр.  Бұл туралы Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған конференцияға Партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов пен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев пен мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы мен  «Нұр Отан» партиясының кезекті ХІХ Съезіне делегаттарын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Баяндама барысында облыс әкімнің орынбасары Ербол Садыр  Партия съезінде ұсынылған «Бақытты отбасын» жүзеге асыру туралы міндет жүктелгенін айтып. Осы бағытта «Nur Otan» партииясының облыстық филиалалымен бірлесіп, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын жандандыру керектігін айтты.

«Партия съезінде «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобалар ұсынылған болатын. Бүгінде ол бағытта жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаларда елдің әлеуметтік жағдайын көтеру, өңірлерді дамыту, ірі қалалардан бастап, елді мекендерді түлету шаралары қамтылған. 2019 жылы облысымызда жоба аясында іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 3 669,4 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 6 елді мекен: Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата елді мекені, Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені, Отырар ауданы Қоғам елді мекені, Сарыағаш ауданы Береке елді мекені, Келес ауданы Абай және Кентау қаласы Ынтымақ елді мекендерін қаржыландыру жоспарлануда» , – деді Е.Садыр.

Жиында 23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезекті ХІХ Съезіне қатысушы делегаттар сайланды.

 

 

«Nur  Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз-қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости