16 желтоқсанда интернет неге нашар жұмыс істеді? — министр түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 24 дек. 2024 12:43 430

16 желтоқсанда қазақстандықтар интернеттің баяу жұмыс істегеніне шағымданды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев аталған жайтқа түсініктіме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, туындаған ақау дер кезінде шешімін тапқан.

“Елімізде деректер базасы өте көп және олардың барлығы өзара байланыстырылған. Бұл технологиялар артында өте үлкен сұраныстар мен күрделі процестер тұр. Мұндай ақаулар кез келген ұйымда, банкте, мемлекеттік органда немесе елде орын алуы мүмкін. Біз осындай жағдайларда жедел әрекет етіп, мәселені шешеміз. Бұл жолы да жылдам түрде қалпына келтірдік. Халық екі-төрт күн қатарынан интернеттен ажырап қалған жоқ”, – деді Мәдиев үкімет дәлізінде берген сұхбатында.

Сондай-ақ министр “TikTok-тың баяу жұмыс істеуі” интернеттегі ақаулармен байланысты емес екенін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости