15 жасар қыздардың арасында қыз еместері қаншама

Dalanews 15 авг. 2016 05:58 2802

Белгілі суретші иллюстратор Аңсаған Мұстафа өзінің Фейсуктегі парақшасында қазіргі қазақ қыздарының ерте екіқабат болып қалуына қатысты ой-пікірін білдірген екен.  

Мен барғой көп нәрсені айтып, үгіттеп, ой салып, намысқа тиіп жүрмін ғой. "Қыз күйеуге қыз боп тию керек".  "Әркіммен жүрмеуі керек, тиейін деп жатқан күйеуін әкесіне көрсетіп алуы керек, вахабит боп шықпас үшін". "Қыз өзін-өзі силата білу керек, ешкімнің оны ұруға құқы жоқ". "Қыздар сендер ең бірінші еліміздің азаматысыңдар" деген сияқты. Арасында ойға келген нәрселерді жазып жүрмін.

Мақсатым – дұрыс қоғам болса екен деген ой. Біреулер ойлайды, еріккеннен салып жүрген әлеуметтік сурет деп. Олай емес. Бұл қолдан келген қорғанышым жастарға, балаларым өскенде айналасында тек жақсы адамдар болса екен деген ниет. Балаларды алып Америкаға көшіп кете алмаймын, сондықтан осы жерді дұрыстау керек.

13895174_1682192595438654_6988200610966950870_n

Кеше Алматыға жиналысқа барып келдім. ‪БҰҰ қоры‬ шақырды. Сөйтсем оларда арнайы бағдарлама бар екен. Балаларды бала кезінде жүкті болдырмау, неше түрлі жаман аурулардың алдын алу, балаларға түсіндіру. Статистика көрсетті, денем түршігіп кетті.

15 жасар қыздардың арасында қыз емес боп қалғандары қаншама. "Мамочки". Ойлайсыңдар ғой, менің балам бала, оның (көршінің қызы) бұзылған деп. Нағында баламен дос болу керек. Сөйлесу керек. Түсіндіру керек. Бұндай әңгімеден қашпау керек.

Топас еркектерде топас намыс бар, түкке тұрғысыз, қызы екіқабат болғанын білген бойда үйден қуып шығатын. Өзі не істерін білмей, өлгісі кеп тұрған қыз бала, өліп те кетіп жатқан жағдайлар бар. Топас болмаңдар, қыз да ұл да 13-ке келген бойда сөйлесе бастаңдар. Ол баланың ойын бұзу емес. Сақтау. Соны қашан түсінеді еркектер? Соны айтып шаршадым. Мамасы сөйлесу керек дейсіңдер ме? Мамасы өмір бойы "жезөкше" болған болуы мүмкін, оған қызының өйткені норма болуы мүмкін.

Еркектер қыздарыңды қолға алыңдар. Қамқор болыңдар, ақырындап сөйлесіңдер. 7 сағат отырып сөйлестік жиналыста. Болған журналистер дұрыстап жазады ғой, менікі осы. Қолдан келгенше қорғаймын. Баланы ұратын әкеден, әйелді ұратын байдын, қызды жүргіш жігіттен, жақсы жігітті жаман жүргіш қатыннан, осылай жалғаса береді. Мен білем көп адам мені жек көреді. Маған бәрібір. Мен мына жерде бетімді жылтыратып алып, фотоға түсіп, керемет болып көрінгім келмейді. Қолымнан келгенше еліма пайдам тисе болды, рахмет.

 

 

Рекомендовать
Последние новости