130-дан аса компания үкіметке үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 23 окт. 2025 15:42

Қазақстанның 130-дан астам компаниясы Мәжіліс пен Үкіметке жаңа Салық кодексіндегі даулы бапты қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның креативті, медиа және жарнама салаларындағы 130-дан астам компания Мәжіліс пен Үкіметке Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын қайта қарау жөнінде ұжымдық үндеу жолдады.

Жаңа ережеге сәйкес, жалпыға бірдей салық салу режиміндегі компаниялар енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен ЖШС-лерден алынған қызметтерді шығынға жатқыза алмайды.

Бұл тәжірибеде мыңдаған дизайнерлер, видеографтар, копирайтерлер, event-агенттіктер мен студиялар корпоративтік клиенттерінен айырылуы мүмкін дегенді білдіреді.

Нарық қатысушыларының есебінше, жаңа норма күшіне енсе, жарнама мен медиа жобалардың құны күрт өседі.

Бүгінде 5 миллион теңгеге түсетін бейнеролик 2026 жылы 20–30%-ға қымбаттауы мүмкін. Бұл агенттіктер үшін шығынның артуы мен табыстың төмендеуі деген сөз. Көпшілігі бағаны көтермесе, қызметкерлерін қысқартуға немесе жабылуға мәжбүр болады.
 
Нәтижесінде бәрі ұтылады:
•фрилансерлер – тапсырыстан,
•компаниялар – мердігерлерден,
•тұтынушылар – тауар мен қызмет бағасының өсуінен.
 
Жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтін ЖК және ЖШС-мен жасалған келісімдер бойынша шегерім құқығын сақтау, егер барлық растайтын құжаттар болса.
B2B секторына арналған 6–8% көлемінде жоғары ставка енгізу – ашықтық пен салық жүктемесі арасындағы ымыра ретінде.
Кіші бизнес пен бухгалтерлердің дайындық деңгейін ескеріп, жаңа нормаларды кезең-кезеңімен енгізу.
 
Хатқа 130-дан астам агенттік пен студия қол қойған.
 
Авторлардың пікірінше, бұл тыйым мемлекеттің шағын және орта бизнесті, сондай-ақ креативті экономиканы қолдау жөніндегі стратегиясына қайшы. 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында «белсенді кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру» басым бағыт ретінде белгіленгенімен, жаңа салық нормалары бәсекенің азаюына, тапсырыстардың ірі компанияларда шоғырлануына және тәуелсіз ойыншылардың нарықтан ығысуына алып келмек.

Рекомендовать
Последние новости