100 жастағы актриса атындағы фестиваль қорытындысы

Dalanews 29 мар. 2016 05:30 1004

 

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдығы, қазақ сахна өнерінің көзі тірі аңызы Хабиба Елебекованың 100 жылдығы және биылғы «Театр көктемі – 2016» фестивалі тұспа-тұс келіп, Халықаралық Театр күнінде өз мәресіне жетті. Бұл – Қазақстанның рухани кеңістігіндегі тарихи оқиға. «Театр көктемі» фестивалі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың атымен аталып, шығармашылық ұжымның әлеуетін айқындау үшін қазылар мен тәуелсіз сыншылар құрамынан тұратын алқа тағайындалды.

Халықаралық дәрежедегі немесе министрлік тарапынан өткізілген театр фестивалі емес. Бұл бір маусымда жасалған шығармашылық жұмысқа есеп беру, актерлердің кәсіби деңгейін бағалауды мақсат еткен ұжымдық фестиваль болғандықтан, қазылар мен сыншылар шақыртылып, олардың театр танудағы сыншыл көзқарасына жүгінеді. Фестивальге қатысқан қойылымдарды атап өтсек: 1. «Қаза мен жаза» спектаклі. Авторы Игорь Вовнянко, аударған Омар Қыйқымов, қоюшы-режиссері – Асанәлі Әшімов; 2. «Ай мен Айша» спектаклі. Авторы Шерхан Мұртаза, сахналық нұсқасын жазған Еркін Жуасбек. Қоюшы-режиссері – Тұңғышбай әл-Тарази; 3. «Қоштасқым келмейді» спектаклі. Авторы Александр Володин, аударған және қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров;  4. «Алмас қылыш». Авторы Ілияс Есенберлин, сахналық нұсқасын жазған Әннәс Бағдат, қоюшы-режиссері – Алма Кәкішева;

381A3870

Сонымен қатар, театр режиссерлері мен артистерінің өзіндік жұмыстары қатысты. Атап өтер болсақ, «Медея» спектаклі. Авторы: Эврипид. Қоюшы-режиссер – Алена Кабдешова және  «Лир патша» спектаклі. У.Шекспирдің «Лир патша» трагедиясының негізінде. Қоюшы режиссер – Елік Нұрсұлтан.

381A3904

Биылғы«Театр көктемі» фестиваліне ұсынылған төрт спектакль мен екі өзіндік жұмысты сараптайтын қазылар алқасының деңгейі биік болды. Олар спектакльдерді актерлік шеберлік деңгейі, сахналық сөйлеу, вокал, режиссер шешімінің тереңдігі, тағы басқа талаптар бойынша бағалады. Қазылар алқасының төрағасы, профессор Есмұхан Обаев бастаған өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері Анар Еркебай, жазушы-драматург, Мемлекеттік «Дарын», тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, ҚР Президенті кеңсесінің қызметкері Дидар Амантай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Тәуелсіз «Ильхом» сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік Қ.Қожамьяров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының бас режиссері – Ялкуньжан Шамиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Мемлекеттік Республикалық Корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино режиссері, Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі – Гульсина Миргалиева. Қазылармен бірге тәуелсіз сыншылар тобы да спектакльдерді саралау жұмысына қатысты. Олар:  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, сыншы–Бөпежанова Әлия Қаһарманқызы, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясы, «Өнертану» факультетінің деканы, Өнертану докторы, профессор – Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағы «Жыл репортеры» сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистика академиясының Жалпы Ұлттық «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты, журналист Айнаш Есәлі.

381A3987

24-27 наурыз аралығында өткен сахна бәйгесін тапжылмай отырып тамашалап, әділ шешімін шығарды. Фестиваль аяқталған күні қазылар алқасының төрағасы Есмұхан Обаев үш күндік фестивальді жан-жақты қорытып, түйінді ойын білдірді. Оның айтуынша, «мерекелік сипаты бар фестиваль болғандықтан қазылар мүшесі де шығармашылық құрамның жұмысын кәсіби, адамгершілік тұрғысынан бағалауды жөн санаған».Фестиваль нәтижесі төмендегідей:

«Театр көктемі –2016» фестивалінің жүлдегерлері:



    1. Шығармашылық өзіндік жұмыстары үшін «Өзіндік жұмыстағы ізденістері» жүлдесі «Лир Патша» қойылымына;

    2. «Үздік дебют Тұсаукесер» жүлдесі «Алмас Қылыш» қойылымындағы Бұрындық ролі үшін Қуаныш Беисағалиевке;

    3. «Үздік дебют Тұсаукесер» жүлдесі «Алмас Қылыш» қойылымындағы Мұхамед-Шайбаниролі үшін Дәуір Анарбайғадиплом «Үздік сахналық ансамбль» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Шумилов ролі үшін Ғалымбек Оспановқа;

    4. «Үздік сахналық ансамбль» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Шумиловаролі үшін Жанаргүл Жаныамановаға;



    1. «Үздік сахналық ансамбль» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Судья ролі үшін Ажарлым Бақытжановаға;

    2. «Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Ай мен Айша» қойылымындағы Мамай ролі үшін Айдос Бектемірге;



    1. «Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Алмас Қылыш» қойылымындағы Әбілқайырдың уәзірі ролі үшін Бауыржан Қаптағайға;

    2. «Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Алмас қылыш» қойылымындағы Оспан-Қожа ролі үшін Саят Мерекеұлына;



    1. «Есте қалар кейіпкер» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Миронов ролі үшін Бекжан Тұрысқа;

    2. «Сахналық шынайылық» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Бейтаныс әйел ролі үшін Ғазиза Абдинабиеваға;

    3. «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Алмас қылыш» қойылымындағы Қаптағай ролі үшін Алмас Шаяметовке;

    4. «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Алмас қылыш» қойылымындағы Орақ ролі үшін Ақберген Жұмабаевқа;

    5. «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Алмас қылыш» қойылымындағы Құба би ролі үшін Жасұлан Байсалбековке;

    6. «Үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Қоштасқым келмейді»қойылымындағы Ларисаның анасы ролі үшін Наз Жекеноваға;

    7. «Үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Қоштасқым келмейді»қойылымындағы Миронова ролі үшін Гүлшат Тұтоваға;

    8. «Актерлық ізденістері» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Судья ролі үшін Азат Сейтметовке;

    9. «Үздік тарихи бейне» жүлдесі «Алмас Қылыш» қойылымындағы Керей ролі үшін Ғани Құлжановқа;



    1. «Үздік тарихи бейне» жүлдесі «Алмас Қылыш» қойылымындағы Жәнібек ролі үшін Еркебұлан Дайыровқа;



    1. «Х.Елебекова атындағы арнайы жүлдесі» «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Катя Лаврова ролі үшін Зарина Карменоваға;

    2. «Үздік Режиссура» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымының режиссері Асхат Маемировке;



    1. «Екінші пландағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Никулина ролі үшін Күнсұлу Шаяхметоваға;

    2. «Екінші пландағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Козлова ролі үшін Шынар Жанысбековаға;

    3. «Екінші пландағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Ай мен Айша» қойылымындағы Мұртаза ролі үшін Жалғас Толғанбайға;

    4. «Екінші пландағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Ай мен Айша» қойылымындағы Тасбет ролі үшін Жандарбек Садырбаевқа;

    5. «Үздік әйел адам бейнесі» жүлдесі «Ай мен Айша» қойылымындағы Айша ролі үшін Дәрия Жүсіпке;

    6. «Үздік Ер адам бейнесі» жүлдесі «Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Митя Лавров ролі үшін Азамат Сатыбалдыға;

    7. «Ең үздік қойылым» жүлдесі И.Вовнянканың «Қаза мен жаза» қойылымының актерлеріне табысталды.




Театрымыз бен бұқаралық ақпарат құралдарының үйлесімді серіктестігі ежелден қалыптасқан. Сондықтан да жыл сайын осы фестивальда  журналистер қауымына арнайы жүлделер тапсырылады.

  «Театр және ақпарат» жүлдесі  аталымдары бойынша жеңімпаздар:

  1. Балнұр Ахмет – «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі;

  2. Ақбота Исламбек –  «Ана тілі» газетінің тілшісі;

  3. Ләзиза Керімқұлова – «Мәдениет және білім» арнасының сценарисі, «Өмір. Театр. Кино» бағдарламасының жүргізушісі;

  4. Дәурен Дариябек – «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі;

  5. Қорғанбек Аманжол – «Театр.kz» журналының тілшісі;

  6. Жанар Оразымбет – Қазақ радиосының журналисі;


Еңбектері лайықты бағаланып, қоржындары жүлдеге толған әріптестірімізді шын жүректен тағы бір мәрте құттықтаймыз.

Айгүл Аханбайқызы


Суретті түсірген – Ардақ Төлеубай


Рекомендовать
Последние новости