ҚазҰТУ жастары Елбасыны қолдайды

Dalanews 20 нау. 2015 06:09 235

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да  кезектен тыс ҚР Президентін сайлау мен Президенттікке түскен Елбасы кандидатурасын қолдауға арналған «ҚазҰТУ жастары Елбасын қолдайды» атты  жастар форумы өтті. Аталмыш жиынға университет ректоры академик Ж.М.Әділов, проректорлар мен профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Форум басталмас бұрын ҚазҰТУ жастарының ғылыми-инновациялық жобаларының көрмесі өтті.

Өз баяндамасынмен ортаға шыққан ҚазҰТУ білім алушыларының «ДАМУ» қоғамдық бірлестігінің президенті 4-курс студенті Ұлан Тоқтарқұлдың баяндамасы жиналған жастарға ерекше серпін берді.

«Қазақ елін мәңгілік ел етіп қалыптастыратын да, Қазақстанның болашағы ғылым мен мәдениеттегі даңғыл жолын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын да – еліміздің өршіл, білімді жастары. Ұлттың болашағы оның жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдаса отырып, келешектің негізін бүгін қалайтыны шындық», - деді ол.
«ҚазҰТУ жастары Елбасын қолдайды» атты  жастар форумында найзағайдай жарқылдаған өршіл жастар өз баяндамаларын оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Бұл форумда магистранттар мен студенттер кезектен тыс сайлауға бір кісідей дауыс беріп қоймай, барлық жастарды Елбасы кандидатурасын қолдауға шақырады.

Жұлдыз Бағашарова,

ҚазҰТУ-дың баспасөз хатшысы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x