Нұрлан Албан "Ақсақалдар" тобын құрмақ па?

Dalanews 06 ақп. 2015 01:43 332

Қазір әнші көп. Кейде аспандағы жұлдыздардан жердегі жұлдыздар көп па деп қаласың. Айдалаға таяқ лақтырсаң бір жұлдыздың басына тиеді. Қазақ эстрадасында қып-қызыл бәсеке орнаған. Сондықтан  әншілер тың идеямен шығып, жұрттың назарын аударуға (ықыласына бөленумен шатастырмаңыз) әуес. Қазір елді елең еткізетін әншілер аз. Саусақпен  санап алуға болады. Сол санаулы әншілердің бірі Нұрлан Албан.

Біз білетін Нұрекең о баста теледидарда жүргізуші еді. Бұдан бұрын ән салған болса, онысынан хабарсызбыз. Шыны керек қазір әнші атанып, елге танылу өте қиын. Ал ойы ұшқыр, Қазақстанның шоу бизнесіндегі ең идеяшыл Нұрлан Албан үшін бұл қиын болмауы мүмкін. Әншілікті еліміздегі бірден-бір рок бағытында ән салатын «Үркер» тобынан бастаған Нұрекең, әйгілі топтан еншісін алып бөлек шыққанда, әншінің карерасы осымен таусылған шығар деп ойлағанбыз. Онымыз бекер болыпты. Біздер Нұрекеңнің идеяшыл жан екенін есепке алмаптық. Жағдай біз ойлағаннан керісінше болды. Сөздің шыны керек, қазір «Үркерден» гөрі Нұрлан Албанның атағы жер жарып тұр.
Тың идеяшыл Нұрлан Албан тағы да жұрттың құлағын көтеріп қойды. Әншінің ақсақалдар тобын құру ісімен шапқылап жүргенін құлағымыз шалып қалды. Міне, нағыз идея! Ақ жаулықты әжелеріміздің бағзы заманнан ән салып келе жатқанын білеміз. Ал шалдардың сақалдарын желпілдетіп ән салғанын көрмептік.

Нұрлан Албан «Үркерден» бөлінгеннен кейін халық әндерін рок бағытында орындап, тыңға түрен салды. Мұны тың идея емес деп кім айтады. Осылайша Нұрлан Албанның жұрттың ықыласына бөленгеніне куә болдық. Бірақ ол рок бағытында ән салумен шектелген жоқ. Бұрынғы әжелер ансамбльін жаңғыртып, тағы да жұрттың назарын өзіне аударды. Біздің әжелеріміз орыстардың «Бурановские бабушки» тобы сияқты «Евровидение»  байқауына қатысып топ жармаса да, халық әндерін әуелете шырқап, әнсүйер қауымның жүрегіне жол тапқаны белгілі. Ақ кимешек кигізіп, аппақ қардай әжелерді жарыққа шығарған Нұрлан Албанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жұлдыз болсаң Нұрландай бол. Өзін де, әжелерін де жарқыратып көрсетіп жүр.  

Тың идеяшыл Нұрлан Албан тағы да жұрттың құлағын көтеріп қойды. Әншінің ақсақалдар тобын құру ісімен шапқылап жүргенін құлағымыз шалып қалды. Міне, нағыз идея! Ақ жаулықты әжелеріміздің бағзы заманнан ән салып келе жатқанын білеміз. Ал шалдардың сақалдарын желпілдетіп ән салғанын көрмептік. Сондықтан ақсақалдардан құралған топты құру оңай емес екенін ішіміз сезеді. Есі дұрыс шал саханада қисалаңдап ән салуға келіспесі анық. Шамасы бұл жағын Нұрлан Албан есепке алмаған сияқты. Шалдар «ары тұр, бері тұрға» көнетін әжелер емес. Ұнамаса қолындағы таяғымен бас, көз демей салып қалады. Ақсақалдар тобын құрам деп алдына таудай талап қойған Нұрекең шалдардан таяқ жеп, сотқа шағымданып жүрмесе жарады.

Нұрлан Әубәкір  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x