Жақында Үндістанға барған сапарында АҚШ Президенті Барак Обама CNN-ге сұхбат берді. Өз сөзінде ол Ресей Президентін қатты сынға алып, АҚШ пен Ресейдің әрі қарайғы әріптестігі қалай өрбитінін айтып берді.
«Американың Ресейге бағытталған экономикалық қысымы нәтиже берді, бірақ Украинадағы дағдарысты тоқтата алмады ғой?» деген журналистер сауалына Барак «иә» деп жауап берді.
– Мен Ақ үйге келген кезеңді еске түсірейікші. Ол кезде екі елдің арасындағы қарым-қатынс өліара шақта тұрған. Бірақ біз, бірінші кезекте өзіміз құлық танытып Медведев мырзамен әріптестік орнаттық. Осының арқасында Ресей экономикасы өсті, дамыды. Ресей Еуропа елдерімен арадағы әріптестікті нықтап, біздің қолдауымыздың нәтижесінде ДСҰ-ға енді, – деді Обама. Алайда кейіннен Қырымды тартып алып, Украинаға тұмсық тыққан Путиннің әрекеті әлемдік халықаралық құқықты табанға таптады.
Обама: АҚШ пен Ресейдің арасында от тұтанып, әскери қақтығыс орнаса бұл күллі әлемге қауіпті. Дәл қазір біздің қолымыздан келері, Ресеймен іргелес жатқан НАТО мүшелерінің шекара шебін күшейту. ХХІ ғасырда бір елдің бір елге басып кіруі түкке тұрмайтынын біз Кремльдің әрекетіне қарап көз жеткізіп отырмыз. Ал ұйым мүшелігіндегі елдерге қауіп төніп, шекарасы бұзылар болса, біз 5-ші бапқа сай әскери шаралар қолданатын боламыз.
– Бұл Ресейді дипломатиялық тұрғыдан оқшаулап, Еуропамен арадағы іскерлік байланыстарға нүкте қойды. Санкция олардың онсыз да әлсіз экономикасына кері әсер етіп отыр. Қазіргі күні Ресейдің экономикасына жағымды әсер ететін ешқандай қосымша факторды көріп тұрған жоқпын. Қырым пайда әкелмеді, керісінше Ресейді құрдымға тартып барады. Өзге елдің жерін басып алып, супер империя атанатын дәуір келмеске кеткен. Қазіргі мемлекеттер білім деңгейі, экспорттық және инновациялық көрсеткіші жағынан бағаланады. Ал оның (Путиннің) қазіргі стратегиясында мұның бірде-бірі жоқ.
Обаманың пікірінше, Украина НАТО мүшесі емес, сол себепті АҚШ Ресейді әскердің күшімен тоқтата алмайды. Осы себепті Ресейдің озбырлығын тізгіндеуге бағытталған экономикалық қысым алдағы уақытта арта түспек.
– АҚШ пен Ресейдің арасында от тұтанып, әскери қақтығыс орнаса бұл күллі әлемге қауіпті. Дәл қазір біздің қолымыздан келері, Ресеймен іргелес жатқан НАТО мүшелерінің шекара шебін күшейту. ХХІ ғасырда бір елдің бір елге басып кіруі түкке тұрмайтынын біз Кремльдің әрекетіне қарап көз жеткізіп отырмыз. Ал ұйым мүшелігіндегі елдерге қауіп төніп, шекарасы бұзылар болса, біз 5-ші бапқа сай әскери шаралар қолданатын боламыз.
Путин келісімге келуге әзір ме?
[caption id="attachment_9085" align="alignright" width="421"] Обама: Путин алға жылжудың орнына, кейін кетіп барады.[/caption]
Бұл сауалға Обама Путиннің сөзі мен ісі қабыспайтынын, оның халық алдында өзін басқаша ұстайтынын айтты. АҚШ Президентінің пікірінше, Украинадағы сепаратистерді Мәскеу қаржыландырып отыр, олардың соғыс жүргізу стратегиясы тікелей Ресей бақылауында, сонымен қатар бүлікшілерді мыңдаған ресейлік әскер қолдауда.
– Сондықтан әзір біз Мәскеудің келісімге келетін сыңайын байқап отырған жоқпыз. Өз тарапымыздан біз украин экономикасын қолдауды жалғастыратын боламыз. Президент Порошенко және Премьер-министр Яценюк экономикаға серпін беретін бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Сондықтан алдағы уақытта біз экономикалық әрі дипломатиялық қысымды арттыра түсеміз, әрі Киевті де күшейте түсуді ұмытпаймыз.
Путин мемлекеттің қарамағындағы БАҚ-тың көмегімен өз рейтингін көтеру үшін жанын салды. Оның қолынан келері осы. Оның саясаты да осымен шектеледі. Ол екінші қайтара сайлауға түскенде Батысқа қарсы көзқарасын кілт өзгертті. Ол кезде оның ықпалы бүгінгіден көп төмен-тұғын. Мәскеуде мыңдаған, он мыңдаған адам алаңға шықты. Оның саяси көзқарасы өзгерген кез осы тұс. Сондықтан да бүгінгі Путин алға жылжудың орнына, кейін кетіп барады, – деді өз сөзінде Обама. Алайда сұхбаттың соңында «сыпайылық танытып» алдағы уақытта Путиннің «ақылы кіріп», Кремльдің бағыты өзгереріне сенім білдірді.