Астанада есірткі жасырған такси жүргізушісі ұсталды

Қаракөз Амантай 18 қаз. 2025 10:15

Астанада 35 жастағы такси жүргізушісі есірткі заттарын таратып жүрген жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру кезінде оның көлігінен шамамен 50 түйіншек мефедрон табылып, тәркіленді. Тергеу барысында ер адамның такси қызметімен қатар, интернет-мессенджерлер арқылы есірткі жеткізуге тапсырыс алып отырғаны анықталды. Ол «тауарды» алған соң, тапсырыстар арасындағы үзілісте қала аумағындағы әртүрлі жерлерге жасырып кеткен.

Полиция барлық тыйым салынған затты тәркілеп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасады: есірткіні заңсыз сақтау, тарату немесе делдал болу – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында есірткі айналымына қатысты кез келген құқықбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар