Әуезов  ауданындағы «Plastic Hunt»: Алматы жастары Жер шарын таза ұстау үшін бірге жұмыс атқаруда

Ақтоты Жапатова 17 қаз. 2025 18:27

2025 жылғы 17 қазанда Ауэзов ауданының жастарға арналған комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Plastic Hunt» атты экологиялық шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты белсенді жастарды біріктіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шара барысында қатысушылар қолданылған пластикалық бөтелкелер мен қаптамаларды жинап, арнайы құрылғыға тапсырып, қайта өңдеуге жіберді.  Акция жастардың экологиялық санасын дамытуға және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуге деген қызығушылығын арттыруға негізделді.

Іс-шара аясында жүздеген пластик қалдықтар жиналды,   қаланы таза әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам болды. Комьюнити-орталықтың резиденттері барлық қатысушыларға олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатты қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Акцияға 30-ға жуық белсенді жас қатысып, 25 келіден астам пластик қалдықтарды, бөтелкелер мен қаптамаларды жинады. Жиналған пластик арнайы фандоматқа тапсырылып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл шара жастардың экологиялық ойлауын қалыптастыруға және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға деген ынтасын арттыруға жол ашты.

«Plastic Hunt» экологиялық акциясы алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұратын шараға айналмақ. Ол жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қаланың тұрақты дамуына жастарды белсенді тартуға бағытталған. Келесі акцияны қараша айының соңына қарай өткізу жоспарланып отыр, ол кеңейтілген форматта болмақ.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық кампаниясы аясында қаланың 11 комьюнити-орталығында жүйелі түрде түрлі экологиялық шаралар өткізілуде. «Таза бейсенбі» акциясы аясында апта сайын жастар, еріктілер және аудан тұрғындары орталықтар мен қоғамдық кеңістіктер маңындағы аумақтарды тазалауға шығады.

Бұл бастама аясында қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сағаттары, тұрақты даму және экологиялық әдеттер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Акция жастардың экологиялық санасын нығайтып, тұрғындарды қаланың тазалығын сақтауға септігін тигізуде.

Қазіргі таңда бұл бастама мегаполистің барлық аудандарын қамтып, жоғары оқу орындары, комьюнити-орталықтардағы жастар ұйымдары және басқа да серіктестердің күш-жігерін біріктіруде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар