"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігі мен батысында ауа райы құбылмалы болады. Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астана мен Көкшетауда ауа райы бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде -3…0°С аяз, күндіз +8…+10°С жылы болады.
Орталық және шығыс өңірлерде күн суытады. Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі ауа температурасы -6…-10°С-қа дейін төмендеп, кей жерлерде көктайғақ байқалады. Күндіз +5…+10°С аралығында жылынады. Семей мен Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз.
Батыс аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Ал Атырау мен Маңғыстау облыстарында күн ашық. Түнде ауа температурасы +5°С шамасында болса, күндіз +15…+18°С жылы.
Оңтүстік өңірлерде жылы әрі жайлы ауа райы сақталады. Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Күндіз +18…+26°С дейін жылы, түнде 0…+8°С аралығында. Шымкент пен Таразда күн ашық, желдің екпіні баяу болады.