Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылында жаңа автобустар пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындар бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа автобустардың іске қосылуы құрметіне ауыл апалары дәстүрге сай шашу шашып, ақжарма тілектерін білдірді. Әжейлердің бірі автобусқа мінген бойда алдымен жүргізушіге, кейін жолаушыларға тәтілерін шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар бұл сәтті жылы қабылдап, қошемет көрсеткен. Ал апалар жаңа көліктердің ел игілігіне ұзақ қызмет етуін тіледі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің көңілін көтерді. Белгілі болғандай, бейнероликті Жаңаөзеннен Сарыкемерге әпкесіне қонаққа келген әйел түсірген. Ал шашу шашқан апа – дәл сол әйелдің әпкесі болып шыққан.
Пікір қалдырған желі қолданушылары ауылдықтардың қарапайым қуанышын үлгі етіп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.