Қарапайым бояуға 2 млн теңге жұмсамақ болған. Бірақ бұған Антикор жол бермеді

Dalanews 25 сәу. 2023 01:27 314

«Антикор» Ұлытау облысындағы бір мектептің жөндеу жұмысына қымбат бояуды сатып алудан бас тартуына мәжбүрледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мектеп басшылығы жөндеу жұмыстарына қажетті бояуды 2 млн теңгеге сатып алмақшы болған.

Бұл іске Антикор қызметкерлері араласқаннан кейін мектеп директоры райынан қайтып, 47 мың теңгеге 18 банка қарапайым бояуды сатып алыпты. Осылайша Антикор қызметкерлері бір бояудың өзіне екі миллион ақша жұмсаудың алдын алған.


Айтпақшы, 2023 жылдың басында «Антикор» қызметкерлері Қаражал қаласы әкімдігінің 65 360 000 теңгеге нарықтағы әрқайсының бағасы 11 290 000 теңге тұратын көлікті сатып алмақ болғанын анықтап, әкімдік қызметкерлерінің жолын кескен болатын.

Осылайша, шенділер мемлекет қаржысын талан-таражға салудан әлі де бас тартпай тұрғанын байқауға болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x