Басты мақсат – Украинаға қарсы өшпенділікті ояту

Dalanews 25 қаң. 2023 07:10 214

Бүгінде Путиннің Украинаға жасаған басқыншылық соғысы бумеранг сияқты өзіне қайта айналып келіп, маңдайына таяқ болып тиіп жатыр.  Соңғы уақыттары батыс елдері бірінен соң бірі Укрианаға әскерик көмек көрсетіп, Кремльдің ішкенін ірің, жегенін желім қылды. Осылайша Укранинаның одақтастары барын салып көмектесуге белсене кірісті.

Осыдан кейін Мәскеудің айналасына әуе қорғанысына қарсы қондырғылар орнатыла бастады. Ең қызығы Мәскеудегі көпқабатты үйдің төбесіне әскери дронға қарсы соққы беретін «Панцирь» қондырғысын орнатқаны әскери сарапшылар «әпенделікке» санап жатар.

Мәскеудің орталығы мен қаланың айналасына мұндай қондырғыларды орнатудың астарында Кремльдің Украин әскерінен қорқаудан басқа,  Путиннің бүкіл Мәскеу халқын үрей құшағында ұстаудың амалы жатқанын аңғаруға болады.

Әскери сарапшылардың пайымдауынша, кез келген елде әуе қорғанысына қарсы кешеннің қай жерде орналасқаны құпия сақталуы керек екен. Ал орыстар болса, «Панцирь» қондырғысын қайда орналастырғандарын тікелей эфирде көрсетті.

Егер олар қандайда бір әскери мақсат көздесе, олар бұл әрекетін көпшілікке білдірмей істеуші еді.

Олардың мұндағы мақсаты – Путиннің қазіргі саясатына қарсы халықтың үрей құшағында ұстап, Украинаның зымырандары әне-міне Мәскеу тұрғындарына төбесінен түсетінін еске салып, жұрттың көкейінде Украинаға қарсы өшпенділікті ояту жатқаны анық.


Соңғы айларда Украинаға Батыс елдері әскери әуе шабуылана тойтарыс беретін бірнеше қондырғысын берді. Бірақ Украин әскерилері қорғаныс құралдарының қайда орналастырғандарын айдай әлемге жар салып айтқан емес. Бәрін құпия ұстауда.

Ал орыстар болса, оның айдай әлемге паш етіп, көп қабатты үйдің төбесіне орнатты.

Демек Путин Мәскеудегі көпқабатты үйдің төбесіне қорғаныс кешенін орнатып, жұртты үрей құшағында ұстамақшы. Осыдан-ақ орыс әскерінің Украина әскерінің алдында жеңіліп жатқанын байқауға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x