Қайтарылған активтер есебінен 6 млрд теңгеге жуық қаражат қайда жұмсалады?

Сағыныш Сардарова 01 шіл. 2025 09:30

Қарағанды облысының аудандарында қайтарылған активтер есебінен 51 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz 

Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нысандар "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 нысанның, соның ішінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінде 480 нысанның құрылысы аяқталған. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар