Арыста 26 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Dalanews 25 сәу. 2018 15:18 238

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен жылы 985 млн. теңгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы бұл меже артығымен орындалатын болады. Биыл жеке сектордан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлерден 5900 шаршы метр пәтер ел игілігіне беріледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.



Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы аймақта өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд. теңгені құраған. Ал ағымдағы жылы қала экономикасының ішкі өнім көлемін 33,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

– Былтыр қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 млрд. 782 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі   104,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін 105 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңір кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы жалпы құны 8 млрд. 680 млн. теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 172 жұмыс орындары ашылатын болады, – деді Мұрат Болатұлы.

Бұдан өзге, өткен жылы аймақта негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. 831 млн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардың есебінен 2018 жылы бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд. 864 млн. теңгені құрайды деп жоспарланған.



«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетіліпті. 2018 жылы аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Оның 3-і субсидиялау, 2-і кепілдендіру, 1 грант, 1 инфрақұрылым бойынша жүзеге аспақ.

Сонымен қатар, өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 13 млрд. 142 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жеткен. Сондай-ақ, былтыр жылыжай алаңы 3,1 гектарға артса, ағымдағы жылы 6 гектарға жылыжай салу жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

https://dalanews.kz/28219

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x