Назарбаев пен Трамп 16 қаңтарда Ақ үйде кездеседі

Dalanews 10 қаң. 2018 11:21 177

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп хабарлады Ақ үй.

9 қаңтарда Ақ үй таратқан хабарламада «екі елдің лидері аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселесінде стратегиялық әріптестіктің кеңеюі мен нығаюын талқылайды» делінген.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) Қазақстан елшісі Қайрат Омаров 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде айсайынғы ротациялы жаңарып тұратын төрағалықты қабылдады. Оның бақылауында Ирандағы наразылық акциялары мен өзге де мәселелер өтті. Ақ үй Трамп пен Назарбаев кездесуінде Ауғанстандағы жағдайдың да сөз болатынын айтты.

9 қаңтарда Назарбаев Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездескен.

Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 500 компания жұмыс істейді. Оның 140-ы бірлескен кәсіпорын. Олар тауар өндіріп, оны экспорттаумен айналысады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x