Димаш Джеки Чанға домбыра сыйлап, иығына шапан жапты

Dalanews 06 ақп. 2017 14:21 203

Әнші Димаш Құдайберген Қытайда атақты актер Джеки Чанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, ол өз кезегінде актердің соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткенін айтты. Айтуынша, бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығын бақылайтынын жеткізген.

"Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!", - деп жазды Димаш Құдайберген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x