Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған

Dalanews 11 қар. 2016 01:55 263

Танымал әнші Карина Абдуллина өзінің басынан өткен қиын кезеңдерін есіне алып, күйеуінің көрсеткен қорлықтарын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.  Бұл туралы ол "КТК" арнасының "Моя правда" бағдарламасында айтты.

Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған,

– Өзімнің отбасым жоқ. Анам кішкене кезімде қайтыс болған. Биыл қадірлі әкем өмірден озды. Сондықтан кішкентайымнан берік отбасым болса екен деп армандадым. Бірақ менің бұл арманым орындалмады. 2015 жылы, жаңа жыл мейрамында мен жарым Артеммен бірге енемнің үйіне бардым. Ол кезде аяғым ауыр болды. Сол жаңалықты айтуға асықтым. Бірақ енеме айтқан едім, ол "Тағы қандай бала туралы айтып отырсың?, – деп айтып салды.

Мен ол кезде өмірде мұндай адамдардың болатынын білмеппін. Қанша тәрбиелі болып жүріп, мұндай адамдармен қалай тағдыр жолықтырғанын түсінбедім. Бұл тұста күйеуім Артем мені қолдауы керек болған, бірақ ол анасының бетінен сүйді де, үйден шығып бара жатқан мені жұбатуға асықпады", – деп көзіне жас алды Карина.

Осылайша, анасы мен ағасының сөздеріне еріп, туған баласын мойындамай қойған ірі отандық мұнай компаниясының директоры болған жары Артем Каринаны тіпті таяқтың астына да алған екен.

Бірақ, бұл тұста өнердегі әріптесі Болат Сыздықовтың көмегі Каринаны барлық жамандықтардан құтқарып қалғандай. Ол перзентханада Каринаның жанында болып, Артемнің баласын үйіне шығарғанда да Каринаның жанында болған.

Ол баласын Болаттың атына, яғни Альберт Болатұлы Абдуллин деп құжатына жаздырыпты.

Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған

Болаттың қиын кезеңдерде өзіне жасаған жақсылықтарын еске алған Карина:

– Болат өмірден өткенде менің асқар тауым құлағандай болдым. Ол менің тірегім еді. Ол өмір бойы мені қорғап-қолдап келді. Білесіз бе, ол қайтыс болғанда менің ұлыма тіпті тау бөктеріндегі үйін де жаздырып кетіпті ғой. Неге екенін білесіз бе? Себебі, Альберттің көздері Каринадан айнымайды депті ол, – деген әнші жылап жіберді.

"Егер балам болмаса, мен үшін өмірдің мәні болмас еді",- деп жылап жіберді Карина. Карина Абдуллина бүгін ұлы Альбертті жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жанында демеу болар әке-шешесі де, жақын адамы да жоқ.

"Болаттың өмірден өтуі мен үшін ауыр соққы, орны толмас қайғы болды", - деген ол "ендігі өмірімнің мәні тек жалғыз ұлым" дейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x