10 сотық? Облыс орталықтарының маңайында бос жатқан жер жоқ

Dalanews 23 мау. 2016 04:45 221




ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде жеке үй құрылысына қажетті жер телімдері тапшы.






Аталған мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне сатып алып, халыққа 10 сотықтан таратып беруге болады. Алайда оған да су, жарық, кәріз және тағы басқа инфрақұрылым желілерін тарту қажет, – деп хабарлайды Baq.kz.


 Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде жер мәселесіне қатысты сайт пен тікелей желіген түсетін сауалдардың басым бөлігі 10 сотық жерді беру мәселесіне қатысты.

«Қазір 10 сотық жерді алғысы келетіндердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асып отыр. Олардың қатары көбейіп келеді. Дегенмен, бүгінде облыстық орталықтардың маңайында бос жатқан жерлер жоқ. Соның басым бөлігі – ауыл шаруашылығы жерлері. Әкімдіктер оны сатып ала алмайды. Сол жердің иелеріне де оны тікелей үйді салғысы келетін адамға да сатуға рұқсат жоқ. Осы проблема шешілмей жатыр», - дейді А.Мырзахметов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алу мәселесін қарастыру қажет. Оны Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның талқылауына шығару жоспарланып отыр. Дегенмен, соңғы шешімді Парламент қабылдайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x