"Еуразия" арнасы митингіге шыққандардың 150 доллар алғанын "дәлелдеді"

Dalanews 14 мам. 2016 11:00 253

Өздерін "Қазақстанның бірінші арнасы" деп атайтын (баяғы "Еуразия" арнасы) өткен жолы жер дауына байланысты митингіге шыққандардың 50-ден 150 долларға дейін ақша алғанын дәлелдейтін видео жариялапты. 

"Барлықтарыңыз мына видеоға назар аударыңыз. Біз мұны өзіміздің дереккөздерден алдық. Анығында, бұл дерек бізде бұрыннан бар, тек енді ғана көрсетіп отырмыз. Отанымыздың қамы үшін. Бұл өте маңызды" дейді бағдарламаның басында журналист Руслан Смықов. 

Видео бірнеше секундтан тұрады екен. Оны біреудің аяғы, біреудің қолы және американың ақшасы көрсетілген екен. Әлгі долларды біреу елдің бәріне көрсетіп қойып артқы қалтасына салады. 

Телеарна видоены бірнеше рет айналдырып көрсетеді. Осы видоеға пікір білдіріп отырған жүргізушілердің айтуынша митингіні ұйымдастырғандарға 50-ден 150 долларға дейін төлеген. 

"Еуразия" арнасы осы арқылы алаңда ақысы төленген арандатушылар жүргенін дәлелдемек болыпты. Біз видеоны жариялауды жөн көрдік. 

Сіз де тамашалаңыз. Қалай ойлайсыз мұндай қисынсыз дүниеге кім сенеді? 

https://www.youtube.com/watch?v=TyMB-tWXZ_k&feature=youtu.be

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x