Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты алдағы концерттерге дайындықты бастап кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын жариялады. Кадрдан актрисаның бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырғаны, ал әншінің оған еркелеп, ықылас танытқаны көрінеді.
Жұлдыз Әбдікәрімова екеуінің бір-бірінің шығармашылығына қолдау көрсетіп, қатар дамуға тырысып жүргенін айтты.
«Шамамыз жеткенше бірге дамып, әрқайсымыз өз саламызда шығармашылығымызды тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Қолымыздан келгенше бір-бірімізді қолдап, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!» – деп жазды актриса.
Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың актер Азамат Сатыбалдымен лифтте түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Бұл жолы актриса дәл сол жерде жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге түсірілген видеоны көпшілік назарына ұсынды.