Жүктілігін жасырған: Түркістан облысында қыз жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына лақтырып кеткен

Жүктілігін жасырған: Түркістан облысында қыз жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына лақтырып кеткен
ашық дереккөз

Түркістан облысында қыз жаңа туған сәбиін әжетхана шұңқырына тастап, оның өліміне себеп болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот мәліметінше, қыз жүктілігін туыстарынан жасырған және медициналық есепте тұрмаған. Оқиға Сайрам ауданында болған.

Іс материалдарына сәйкес ол әжетханада дені сау сәбиді дүниеге әкелген. Алайда кейін нәрестені әжетхананың шұңқырына тастап, үстін топырақ және құммен жауып кеткен. Соның салдарынан сәби көз жұмған.

Сот отырысында қыз кінәсін толық мойындаған. Сот шешімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.