ЖИ тегеурініне төтеп беретін мамандықтар: АҚШ-та ең тұрақты 20 кәсіп анықталды

ЖИ тегеурініне төтеп беретін мамандықтар: АҚШ-та ең тұрақты 20 кәсіп анықталды
ЖИ: Dalanews.kz

АҚШ-та жасанды интеллектінің (ЖИ) қарқынды дамуына қарамастан, сұранысы сақталатын әрі автоматтандыруға ең төзімді мамандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сарапшылардың айтуынша, адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауды, нақты жағдайда жедел шешім қабылдауды және физикалық бейімделуді талап ететін кәсіптер ЖИ-дің ықпалына азырақ ұшырайды. Ал ақпаратты өңдеу сияқты қайталанатын жұмыстарды қамтитын мамандықтар автоматтандыру қаупіне көбірек тап болады.

ЖИ-ге ең төзімді 20 мамандық:

  • Дипломы бар мейіргер;
  • Үйде науқасқа күтім жасайтын көмекші;
  • Бастауыш сынып мұғалімі;
  • Мейіргердің көмекшісі;
  • Аға бағдарламалық жасақтама инженері;
  • Техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы;
  • Құрылыс жұмысшысы;
  • Қонақүй қызметшісі (горничная), тазалықшы;
  • Оқытушының ассистенті;
  • Бухгалтер;
  • Даяшы;
  • Мейрамханадағы тағам тарату желісінің аспазы;
  • Тазалаушы;
  • Күзетші;
  • Бас және операциялық менеджер;
  • Ұзақ қашықтыққа жүк таситын жүргізуші;
  • Бөлшек сауда қызметкерлерінің жетекшісі;
  • Басқа санаттағы менеджерлер;
  • Жүк тиеуші және жүк тасымалдау маманы;
  • Көтерме және өндірістік сатылымдар жөніндегі өкіл.

Сарапшылар бұл рейтинг АҚШ еңбек нарығына негізделгенін атап өтеді. Сондықтан Қазақстандағы жағдай өзгеше болуы мүмкін. Елдегі экономиканың құрылымы, еңбек нарығының ерекшелігі және цифрландыру деңгейі ескерілсе, ең тұрақты мамандықтардың тізімі өзгеруі ықтимал.

Дегенмен мамандардың пікірінше, болашақта кәсіптердің басым бөлігі толықтай жойылып кетпейді. Оның орнына жасанды интеллект белгілі бір міндеттерді автоматтандырып, адамдардың жұмыс істеу тәсілін өзгертеді. Сондықтан еңбек нарығында бейімделе білу, жаңа дағдыларды меңгеру және ЖИ құралдарын тиімді пайдалану маңызды бола түседі.