Жетісу облысында TikTok-тағы тікелей эфирден 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды

Жетісу облысында TikTok-тағы тікелей эфирден 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды
ашық дереккөз

Жетісу облысында TikTok-тағы тікелей эфирден 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірде құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған.

Құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде олар 95 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.