Зеленский соғыс аяқталған соң отставкаға кетуге дайын

Көркем Алдабергенова 25 қыр. 2025 15:25

Украина президенті Владимир Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зеленский өзінің басты мақсаты – соғысты тоқтату екенін айтып, саяси науқанға қайта-қайта қатысуды көздемейтінін жеткізді.

«Менің мақсатым – сайлауға түсу емес, соғысты аяқтау», – деді Украина басшысы.

Журналистердің «соғыс біткеннен кейін қызметіңізді аяқталды деп санайсыз ба?» деген сұрағына ол отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Axios-тың жазуынша, егер атысты тоқтату режиміне қол жеткізілсе, Зеленский Жоғарғы радаға сайлау өткізу бастамасымен шығуға әзір.

Дегенмен, ол елдің кейбір аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайы мен Конституциядағы шектеулерді еске салды. Украина Конституциясы соғыс жағдайында сайлау өткізуге тыйым салады. Соған қарамастан, Зеленский мұндай сайлауды ұйымдастыру мүмкін деп санайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар