Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары мен майдандағы шығындары туралы айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Владимир Зеленскийдің сөзінше, 2026 жылдың басынан бері Ресей Украинаға 2,1 мыңнан аса зымыран ұшырған, оның ішінде 950-ден астамы баллистикалық зымыран болған.
Сондай-ақ, қаңтар-тамыз айларында Ресей Украинаға түрлі типтегі 63 мың дрон қолданған. Олардың ішінде 7,7 мыңнан астамы - реактивті "Шахед" дрондары.
Украина президенті қаңтар-тамыз айларында Ресей армиясы Украинадағы соғыста 248 964 адамынан айырылғанын айтты. Оның сөзінше, Украинада Ресей әскери қызметшілерінің шығынына қатысты бейнежазбалар бар.
"Бұл жай ғана статистика емес, адам өмірі туралы сөз болып отыр", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Ресей биыл осынша шығынға қарамастан, Украина аумағының 1 мың шаршы шақырымнан сәл асатын бөлігін ғана басып алған. Зеленский бұл аумақтың едәуір бөлігі кейін Украина бақылауына қайтарылғанын айтты.
Зеленский Ресейдің өз аумағы 17 млн шаршы шақырым екенін атап өтті. Оның сөзінше, тағы 1 мың шаршы шақырым жерді басып алу үшін Ресей әр шаршы шақырымға 248 адамнан айырылған.