Freedom Inside '26

Зеленский алысқа ұшатын жаңа дрон сынақтан өткенін мәлімдеп, Беларусьқа ескерту жасады

Зеленский алысқа ұшатын жаңа дрон сынақтан өткенін мәлімдеп, Беларусьқа ескерту жасады
© REUTERS / Denis Balibouse

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь аумағында Ресей мүддесіне жұмыс істейтін арнайы жабдықтар, яғни ретрансляторлар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Киев бұл мәселеге байланысты Минскіге ескерту жолдап, осы жабдықтарды бөлшектеуге шақырған.

Сондай-ақ, Зеленский Беларусь аумағында Ресей қаруына арналған бөлшектер шығаратын зауыттар бар екенін айтты. Ол Беларусь билігін елді Ресей мен Украина арасындағы соғысқа тартудан сақ болуға шақырды.

Бұдан бөлек, Украина президенті үндеуінде алыс қашыққа ұшатын жаңа дрон сәтті сынақтан өткенін хабарлады.

Зеленскийдің сөзінше, жаңа ұшқышсыз аппарат 3000 шақырымға дейінгі қашықтағы нысандарға соққы бере алады.