"Заңсыз жолмен келген смартфондар өшіріледі". Маман тағы бір қымбатшылық туралы айтты

Кәмшат Тілеухан 13 ақп. 2025 10:12 585

2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, заңсыз жолмен табылып, сатылған смартфондардың өшірелітіні туралы айтылады. Алайда бұған дейін сатылып, қолда жүргендерге оның еш қатысы жоқ. Тек 24 наурыздан кейінгісілері ғана. Жалпы, бұл жаңашылдық нені білдіреді? Dalanews.kz бұл ретте экономист Олжас Байділдиновтің желідегі жазбасын сол қалпында бере кетуді жөн көріп отыр.

"Бәлкім, естіген боларсыздар, Қазақстанда заңсыз жолмен келген смартфондардың өшірілетінін. 24 наурыздан бастап сондай бұйрық күшіне енеді. Мұндай жағдайда бюджетке қанша шығын келетіні де есептеліп үлгеріпті: шамамен 150 млрд теңге (300 млн доллар) дейді. Тиісінше, қазақстандықтар бұл соманы өз қалтасынан төлеуге міндетті болады! Қалай дейсіздер ме?.. Әзірге, бұл жаңашылдықты түпкілікті деңгейде ұғып жатқаным жоқ. Бірақ, мысал келтіре кетейін. Мәселен, мен шетелден немесе Халық/Каспий онлайн арқылы (көп ел солай алады ғой) iPhone сатып алдым дейін, оны қосу кезінде IMEI-ін тіркетемін, болды, мен ешкімге ешнәрсе қарыз емеспін ғой дейсіз? Алайда, смартфондар құны қымбаттайтыны анық. Айтпақшы, бұл да түрік сценарийі болып табылады. Мәселен, Түркияда "баж, ҚҚС, утилалым" салықтарын төлеусіз сырттан смартфон алып келсеңіз, елде үш ай жүргеннен кейін әлі телефоныңыз автоматты түрде өшіп қалады. Яғни, оны Wi-Fi арқылы ғана пайдалана аласыз, бірақ ешкіммен сөйлесе алмайсыз. Ал баж салығы деген өтеееее қымбат. Түркияда жаңа iPhone 16 Pro Max үшін үстінен шамамен 1300 доллар төлеуіңіз керек! Яғни, мәселен, Қазақстаннан Түркияға өзіңіздің iPhone 16 Pro Max-пен барып, өмір сүріп жатырсыз делік, үш айдан кейін оны өшіріп тастайды, ал оны өшірмесін десеңіз, удай қымбат баж салығын төлеуіңіз керек болады. Демек, сол секілді нәрсе бізде де пайда болады. Тағы да айтайын, менің айтқаным айдай келіп жатыр: біздің экономика түрік сценариімен алға жылжуда", деп жазады маман өзінің Telegram арнасында.

Бұған дейін сайтымызда "Наурыздан бастап кейбір смартфондар "қара тізімге" еніп, істемей қалады" деген материал жарияланған. Бұл ретте ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет еместігі ескертіледі. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар