25 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа схемаға сәйкес:
- Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта;
- Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытта;
- Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.
Бұл өзгерістер көлік жүктемесін азайтуға, жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталған. Шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданған.
Мамандардың айтуынша, жаңа схема көлік қозғалысын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешім қабылданады.