Freedom Inside '26

Атырауда мемлекетке 700 млн теңгенің активтері қайтарылды

Атырауда мемлекетке 700 млн теңгенің активтері қайтарылды
pixabay.com

Атырау облысында прокуратураның араласуымен мемлекет меншігіне жалпы құны 700 миллион теңгеден асатын мүлік пен жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Прокуратура жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласына жүргізілген талдау барысында сенімгерлік басқарудың тиімсіздігіне жол берілгенін анықтаған.

Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерге құны 93,7 миллион теңге болатын жертөле үй-жайын сенімгерлік басқаруға берген. Алайда кәсіпкер шарт талаптарын орындамағанына қарамастан, әкімдік ұзақ уақыт бойы нысанды мемлекетке қайтару бойынша тиісті шара қабылдамаған.

Прокуратураның ұсынуынан кейін мемлекет балансына жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын бірнеше жылжымайтын мүлік нысаны қайтарылды.

Сонымен қатар жер пайдалану саласында да заңбұзушылықтар анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған, жалпы құны 300 миллион теңге болатын 28 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Прокуратура жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуы мен мемлекеттік мүлікті қорғау жұмыстары тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.