Жаңа Құрылтай құрамында 49 әйел депутат бар. Бұл - жалпы депутаттар санының 33 пайызы. Яғни жаңа Құрылтайдағы әрбір үш депутаттың біреуі - әйел, деп хабарлайды dalanews.kz.
VIII шақырылымдағы Мәжілісте 18 әйел депутат жұмыс істеді. Бұл депутаттардың шамамен 18 пайызы еді. Ал Сенат құрамында 10 әйел сенатор болды, яғни бұл - жалпы құрамның шамамен 20,4 пайызы.
Жаңа құрам мынадай:
- "Әділет" партиясынан - 37 әйел депутат.
- "Ауыл" партиясынан - 4 әйел депутат.
- Respublica партиясынан - 3 әйел депутат.
- ЖСДП-дан - 2 әйел депутат.
- "Ақ жол" партиясынан - 2 әйел депутат.