Freedom Inside '26

Жаңа оқу жылынан бастап міндетті жаңа пәндер енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап міндетті жаңа пәндер енгізіледі
gov.kz

Жаңа оқу жылынан бастап бірнеше жаңа міндетті пән мен курс оқытылады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, өзгерістер жаңа Конституцияны іске асыру аясында әзірленген және әртүрлі сынып оқушыларына қатысты болады.

5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. Ал 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті курсы оқытылады. Сонымен қатар, 5-11-сынып оқушыларына "Жеке қауіпсіздік" атты міндетті курс енгізілмек.

Сондай-ақ, мектеп оқулықтарының мазмұны да жаңартылады.

30 тамызға дейін қайта басылған 3 және 7-сынып оқулықтары білім беру ұйымдарына жеткізіледі. Ал 4 және 9-сыныптардың оқулықтары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8-сыныпқа арналған оқулықтар 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жеткізіледі.

Министрдің сөзінше, бастауыш білім беру бағдарламасы да қайта қаралады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіліп, оқу жүктемесі азаяды. Сонымен қатар, практикалық бағыт күшейтіліп, оқу бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі.