Астанада «Жаңа адамдар» және «Дала қырандары» қозғалыстары жас көшбасшылар мен сарапшылардың жаңа буынын дайындауға арналған «Адал азамат» білім беру бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Dalanews Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жоба аясында ұйымдастырушылар жастарға ұжым қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша практикалық дағдыларды үйретуді көздейді.
«Бізде мұндай жүйені қалай құру керектігі бойынша жинақталған тәжірибе мен айқын түсінік бар: командаларды қалай жасақтау, стратегияларды қалай жазу, БАҚ-пен, журналистермен, қоғам белсенділерімен қалай жұмыс істеу қажеттігін жақсы білеміз. Осы білімімізді «Дала қырандарымен» бірлесе отырып, «Адал азамат» білім беру бағдарламасына біріктірдік», — деп атап өтті «Жаңа адамдар» қозғалысының баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов.
Жоба авторларының сөзінше, бағдарламаның өзегі – «Іс өзімде» концепциясы. Ол айыптаушыларды іздеуге емес, мәселелердің түпкі себептерін анықтап, оларды шешудің нақты жолдарын табуға бағытталған.