"Заң алдында бәрі бірдей". Тоқаев Шымкенттегі заңсыз құрылыс нысандарына байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 28 қаң. 2025 12:49 666

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласындағы заңсыз құрылыстарды сүру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Шымкентте жер телімдеріне байланысты күрделі мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан өткен жылдан бері заңсыз тұрғызылған нысандарды сүру жұмыстары қолға алынды. Бұл әрекеттер кейбір сынға ұшырағанымен, шегінудің қажеті жоқ. Себебі әкімдік бұл жұмысты заң аясында атқарып жатыр. Дегенмен халықпен кері байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын тоқтатпау маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент қоғамда өзін белсенді санайтын топтардың пайда болғанын атап өтті.

"Бұл топтар көбінесе әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің дұрыс қабылданған, бірақ көпшілікке ұнамайтын шешімдерін негізсіз дауға айналдырып, ел ішінде алаңдаушылық тудырады. Сол себепті әрбір қабылданған шешімді халыққа жан-жақты және түсінікті түрде жеткізу аса маңызды. Бұл тек Шымкентке ғана емес, бүкіл өңірлерге қатысты мәселе. Барлық жұмыс ашық әрі халыққа түсінікті болуы қажет", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар