Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 келіге жуық гашиш тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 келіге жуық гашиш тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 келіге жуық гашиш тәркіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Меркі ауданында 64 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде гашиш салынған пакет табылды. 

Сонымен қатар Қордай – Алматы автожолының 238-шақырымында полицейлер ақ түсті Toyota автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 48 жастағы жолаушы әйелдің сөмкесінен гашиш салынған төрт орам анықталды.

Тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 3 келіге жуық болған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.