Жамбыл облысында баласын қоқысқа тастаған әйел табылды. Бұл ақпаратты өңір полициясы растады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталған.
"Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады", - деді полиция.
Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардиялық гарнизон аумағында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғаны хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша табылған сәби - қыз бала. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлаған.