Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардиялық гарнизон аумағында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша табылған сәби - қыз бала. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлаған.
Полицияның мәліметінше, жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Полиция баланың анасын, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел іздестіру және тергеу жүргізіп жатыр. Қазір сәби медициналық мекемеде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді өңір полициясы.