Израиль Иран барлау қызметінің басшысын өлтіргенін мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 14:01

Израиль Иран ислам революциясы сақшылар корпусының барлау қызметін басқарған Маджид Хадемидің көзін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац хабарлады.

Иран тарапы бұл ақпаратты растады. Революция сақшылар корпусының Tasnim агенттігі арқылы таратқан мәлімдемесінде Хадемидің 6 сәуір күні таңертең «террорлық әрекет салдарынан қаза тапқаны» айтылған.

Маджид Хадеми бұл қызметке 2025 жылдың маусым айында келген. Оған дейін барлау бөлімін басқарған Мохаммад Каземи Израиль шабуылы кезінде қаза болған еді.

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттері аясында елдің бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары мен әскери жетекшілері қаза тапты. Олардың қатарында Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи мен Жоғары қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove