Израиль мен Ираннан тағы 144 қазақстандық эвакуацияланды

Қаракөз Амантай 20 мау. 2025 16:30

Израиль мен Иран аумағынан тағы 144 қазақстандық елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Атап айтқанда, Израильден 66 адам Египет арқылы эвакуацияланған. Ал Ираннан 78 азамат шығарылды: олардың 73-і Армения арқылы, екеуі Әзербайжан арқылы, үшеуі Түрікменстан арқылы елге жеткізілген.

"Иран мен Израильдегі Қазақстан дипломаттары өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр", — деп хабарлады министрлік.

ҚР Сыртқы істер министрлігі эвакуацияға қолдау көрсеткені үшін Израиль, Египет пен Армения билігіне, сондай-ақ Иран, Әзербайжан және Түрікменстан дипломаттарына алғыс білдірді.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастады. Тегеран маңындағы кемінде алты әскери нысанға соққы жасалды.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар