«ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ»: ХАОСТАН ТҮЗІЛГЕН ХАОС

Dalanews 23 қаз. 2014 11:51 691

[caption id="attachment_8282" align="alignleft" width="420"]Ақпарат құралдары арқылы дінтанушылар, исламның тарихын, өзегін, қағидаттарын жақсы білетін мамандар, гуманист ғалымдар тізе қосып, бұл өрттің түпкі шығу тегін халыққа түсіндіргендері жөн. Ақпарат құралдары арқылы дінтанушылар, исламның тарихын, өзегін, қағидаттарын жақсы білетін мамандар, гуманист ғалымдар тізе қосып, бұл өрттің түпкі шығу тегін халыққа түсіндіргендері жөн.[/caption]

Соңғы оншақты жылдың көлемінде ислам елдерін хаос жайлай бастады. Біз қысқартып айтып отырмыз. Ислам әлемін жайлаған жегі құрттың өмір сүргеніне бірнеше ғасыр өткенін айтушылар көп. Бір кездері Ислам философиясы өркендеп, ғылым мен білімге құштарлық артып, Батысты парасатымен тәнті еткен өркениеттің тығырыққа тірелгеніне сену қиын. «Бізге не болды?» деген сұрақты өз өзіне қанша қойғанымен, жауабын таба алар емес.

Ислам елдеріндегі алауыздық, діни топтардың кикілжіңі, әртүрлі ағымдар арасындағы бітіспес жаулық уақыт өткен сайын қызып келеді. Сырттан май құюшылардың отты лаулата түсіп, өздері ыстығына қол жылытып отырғанын да байқайсыз. Бірақ, неге соның алдын ала алмай отыр? Неге Ислам елдерінің ортақ мәмілемесі жоқ? Неге ислам атын жамылған топтар лаңкестік жасауға үйір? Мұның мыңдаған себебі бар. Бірінің шешімін тапса, екіншісі шиеленісе түседі. Шырмауықша шатылған бұл қауіптен құтылар күн жақын уақта бола қоймайтын секілді. Соның бір көрінісі, өздеріне «Ислам мемлекеті» деген ат қойып, Ирактың ірі қалаларын меншігіне алған, Сирияның бірнеше шаһарын өздеріне қаратқан лаңкестік ұйым. Бұларда мұсылмандық сипаттың бірде бірі жоқ. Баланы да, кәріні де аямайды, алдына тұрғанның бәрін атып-шауып, асып, өлтіріп келеді. Мыңдаған адамдарды қырып, жүз мыңдаған халықты босқындарға айналдырды. Айтатындары Батысқа қарсы жиһад жасау, Ислам державасын құру. Бірақ ізгілігі, иманы жоқ топ мемлекет басқара ала ма? О заманда бұ заман, Ислам мұндай сорақы әрекетті қолдаған емес. Қолдамайды да. Батыс пен Шығыс арасындағы текетірестің дені дінаралық қақтығыстан туындаған болатын. Қазірде сондай үрдіс байқалады. «Ислам мемлекетінің» ойы мүлдем басқада секілді. Олар тұтас Ислам әлемін хаосқа айналдыруды көздейтіндей. Араб әлеміндегі бірнеше төңкерістің соңы осыған алып келді. Батыс елдері Шығысқа демократиялық құндылықтарын таңбақшы болғанымен, одан түсер қыруар қаржыны да есепке алғанымен, дәл бұлай ушығарын ойламаса керек. Себебі, бұл өрттің бір шеті Еуропаны да шарпымай тұрмайды. Саддам Хүсейін кеткенімен, оның орнына мыңдаған Саддамдар пайда болды. Бен Ладен жоқ, енді тұтас «мемлекет» бар. Ең қауіптісі, бұл топқа енгендердің географиялық аумағы өте үлкен. Әр елден, әр жерден қосылған қырық құрау жанкештілер. Еуропаның өзінен осы жиһадқа аттанғандардың саны едәуір. Сирияның босқындары Түркияға ағылуда. Ирактың тұрғындары Иран, Кувейт, тағы басқа елдерге бас сауғалап кеткен. Еуропа елдеріне қоныс тепкен арабтар онсызда көп, енді одан да көбеюі ықтимал. Бұл әлеуметтік, діни, саяси шиеленісті арттырмаса, бәсеңдетпейді.
«Ислам мемлекетінің» ойы мүлдем басқада секілді. Олар тұтас Ислам әлемін хаосқа айналдыруды көздейтіндей. Араб әлеміндегі бірнеше төңкерістің соңы осыған алып келді. Батыс елдері Шығысқа демократиялық құндылықтарын таңбақшы болғанымен, одан түсер қыруар қаржыны да есепке алғанымен, дәл бұлай ушығарын ойламаса керек

[caption id="attachment_8283" align="alignright" width="424"]Саддам Хүсейін кеткенімен, оның орнына мыңдаған Саддамдар пайда болды. Бен Ладен жоқ, енді тұтас «мемлекет» бар. Саддам Хүсейін кеткенімен, оның орнына мыңдаған Саддамдар пайда болды. Бен Ладен жоқ, енді тұтас «мемлекет» бар.[/caption]

Айтпақшы, бұл соғысқа аттанған Орталық Азиялық жанкештілер де жетерлік. Былтыр Сирияға кеткен қазақстандықтың тағдыры не болғаны белгісіз. Жуырда Өзбекстандық ислам қозғалыстары аталмыш ұйымға бет бұрғаны туралы ақпарат шықты. Қырғызстандықтардың ішінде де осы майданға аттанғандардың барлығы мәлім болды. Тәжікстан онсыз да от пен оққа жақын... Демек, ислам әлемін жайлаған хаостан ертерек сақтанған абзал. Ол үшін ең алдымен ақпарат құралдары арқылы дінтанушылар, исламның тарихын, өзегін, қағидаттарын жақсы білетін мамандар, гуманист ғалымдар ортақ уәжбен тізе қосып, бұл өрттің түпкі шығу тегін жиірек халыққа түсіндіргендері жөн. Мемлекет, Дін істері агенттігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл шараны ертерек қолға алғандары құба-құп. Әйтпесе, интернеттік ресурстарды өз мақсаттарына жұмсауды жетік меңгерген топтың шырғасына түсетін жастардың болмасына кім кепіл?! Жастар Сирия майданында оққа ұшпауы үшін, ел ішін бүлік жайламауы үшін бұл аса қажетті шара болмақшы.      

Насыр БАҚСЕРІК


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар