Иранның сыртқы ведмоствасының өкілі Украинадағы соғыс басталғалы Ресейге ешқандай әскери техника сатпағандарын ашып айтты. Ол соғыс басталмай тұрып Иран мен Ресейдің арасындағы байланысты жақсарту ісі қолға алынғанын айта келе, бірақ Ресейге ешқандай әскери қару жеткізбенгендерін мәлімдеді.
– Рас, Иран мен Ресей өзара байланысты өркендетуге мүдделі. Бірақ соңғы уақыттары бұл бағытта ауыз толтырып айтатындай нақты оқиға орын алған жоқ, – деді Нассер Канаани журанлаистерге берген түсініктемесінде.
Сонымен қатар ол Укриана жерінде орын алған соғысқа қатысты Иран билігі өзінің позициясын бұған дейін ашық айтақанын, сол ұстанымдарында қалатынын жеткізді.
Иранның Сыртқы істер мнистрі Хосейн-Әмір Абдоллахиян Италияның La Repubblica басылымна берген сұхбатында Иран Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуіне өз тараптарынан жол бермейтінін, сонының ішінде тараптарға әскери техника жеткізбейтінін айтқан еді. Бұдан басқа Абдоллахиян Иран мен Ресей арасындағы қорғаныс саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуға қатысты келсімнің бар екенін айта келе, бірақ бұл келсім Ресейге әскери көмек беруге Иранды міндеттемейтінін алға тартты.
Күні кеше ғана АҚШ президентінің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан Иран Ресейге әскери дрондарын беруі мүмкін екенін алға тартқан болатын. Осы ақпарат желдей ескеннен кейін Иранның сыртқы ведмоствасы бұған жауап берді.