Freedom Inside '26

Илон Маск құрған DOGE департаментінің қызметі тоқтатылды

Илон Маск құрған DOGE департаментінің қызметі тоқтатылды
Reuters

АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаменті (DOGE) қаңтар айында америкалық кәсіпкер Илон Масктың бастамасымен құрылған еді. Алайда, қазіргі таңда іс жүзінде жұмысын тоқтатты, оның кейбір функцияларын АҚШ-тың Кадрлық қызметінің басқармасы өз мойнына алды деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол жоқ", – деп мәлімдеді АҚШ- тың Кадрлық қызмет басқармасының директоры  Скотт Купор DOGE  мәртебесі туралы.

Департамент өз мандаты аяқталуына сегіз ай қалғанда іс жүзінде жұмысын тоқтатқаны атап өтіледі. Ол енді “орталықтандырылған ұйым” емес, деп түсіндірді Купор.