Илон Маск дәулеті жарты триллион долларға жетті

Асель Қайратқызы 03 қар. 2025 10:28

Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 500 миллиард доллардан асқан адам атанды. Жыл басында Маск Дональд Трамп әкімшілігінде жұмыс істеген уақытында, оның компаниясы Tesla-ның акция бағасы күрт төмендеген еді. Алайда ол Ақ үйден кеткен соң, бұл компаниялардың акциялары қайтадан қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Forbes журналының есептеуінше, сәрсенбі күні биржалық сауда барысында Масктың жалпы активтерінің құны қысқа уақытқа 500 миллиард доллардан асып, кейін сәл төмендеп — шамамен 499 миллиард доллардың маңайында тоқтаған.

Қазіргі уақытта Tesla компаниясының нарықтық капитализациясы 1,44 триллион долларды құрайды.

Маскқа тиесілі басқа да компаниялардың, соның ішінде жасанды интеллектке бағытталған xAI стартапының және ғарыш саласындағы SpaceX компаниясының да акциялары қымбаттап келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар