Wedbush Securities комапниясының сарапшысы Дэн Айвстің айтуынша, әлемдік нарықта биткоиннің бағасы құлдыраған соң, Tesla компаниясының акциясын сатып алған инвесторлар өз үлестерін шетінен сата бастаған. Өйткені бұған дейін Илон Маск криптовалютаға қомақты қаржы құйған болатын. Мамандардың есептеуінше Tesla компаниясының акциясы 20%-ға кеміген.
Естеріңізге саламыз осыдан шамалы уақыт бұрын Илон Маск криптовалютаға жарты миллиард доллар құйғаннан кейін биткоиннің құны 50%-ға дейін жоғарлады. Ал өткен жексенбіде бір биткоиннің құны 57 мың долларға дейін көтерілгеннен кейін, соғын ала 20%-ға дейін құнын жоғалтқан болатын.
Осылайша бейсенбі күні бір биткоиннің құны 48 мың долларға төмендеген соң, инвесторлар сатып алған Tesla компаниясының акциясын сата бастаған. Ал мұның салқыны әйгілі компанияның акциясын 20%-ға төмендеуіне және Илон Маскның бір күнде 15 млрд доллар жоғалтуына әкеп соқты.
Криптовалютаның құнының түсуіне АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йелленнің «Транзакцияларды жүргізуде криптовалюта тиімсіз» деп айтқан сөзі де отқа май құя түскені белгілі болды.