Yandex Qazaqstan тұрмыстық техникадан бастап ойыншыққа дейінгі түрлі заттарды қамтитын жеке бренд тауарларын ұсынды

Ақтоты Жапатова 07 қаз. 2025 15:56

Yandex Qazaqstan алғаш рет Яндекстің өндірістік бағыты саналатын «Фабрика» тауарларын ұсына бастады. Бұл жоба компанияның жеке сауда маркаларын әзірлеумен, шығарумен және таныстырумен айналысады. Оған электроника мен тұрмыстық техникадан бастап балалар ойыншықтарына дейінгі тауарлар кіреді. Тауарларды Яндекс Go супераппындағы дүкеннен алуға болады. Оны алматылықтар алғашқы болып бағалай алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Яндекс Фабрика дүкенінде алты брендтің өнімдері ұсынылған. Бұл – Tuvio тұрмыстық техникасы, балаларға арналған Junion тауарлары, Commo аксессуарлары және электроникасы, Nocord электр құралдары, үйге арналған Pragma тауарлары, радиомен басқарылатын Cubits ойыншықтары. Ассортиментке теледидарлар, құлаққаптар, балалар ойын жиынтықтары, шеге бұрағыштар және басқа да көптеген тауар кіреді.

Өнімдерді технологтер, инженерлер, дизайнерлер және конструкторлар қатысады: олар идея мен дизайннан бастап тауарды тестілеу, қаптау және сапаны бақылауға дейінгі барлық кезең үшін жауап береді. Фабриканың мақсаты – ең қажетті санаттардағы сапалы, пайдалы және қолжетімді заттар ұсыну.

Яндекс Go қолданбасының «Дүкендер» бөлімінде 200-ден астам серіктестің тағамдарға, дәрі-дәрмектерге, үй тауарларына, гүлдерге және тағы басқа көптеген заттарына тапсырыс беруге болады. Қазіргі таңда «Дүкендер» Қазақстанның 17 қаласында қолжетімді, ал орташа жеткізу уақыты 38 минутты құрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар