23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов төтенше қауіпсіздік деңгейіндегі "Қара бүркіт" колониясына жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, сотталғандар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жазасын өтеу орнына жіберілген.
Айта кетейік, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылы 19 қазанға қараған түні өлтірілген. Қыздың сүйегі сегіз ай өткен соң Жайық өзені жағасынан табылды.
20 қазанда полицияға қыздың анасынан оның хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен. Кейін оның өліміне қатысты қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов апелляциялық арыз бергенін жаздық.
