Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс: сотталушылар апелляциялық арыз берді

Сағыныш Сардарова 22 қаң. 2026 14:52

Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов апелляциялық арыз берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"21 қаңтарда жәбірленуші тарап сотталған Ризуан мен Алтынбектің апелляциялық арызын алды. Адвокаттар құжаттарды оқып жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылы 19 қазанға қараған түні өлтірілген. Қыздың сүйегі сегіз ай өткен соң Жайық өзенінің жағасынан табылды.

20 қазанда полицияға қыздың анасынан оның хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен. Кейін қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove