ХВҚ есебі: ЖІӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан Ресей мен Қытайды басып озды

Кәмшат Тілеухан 14 там. 2025 20:06

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жаңа статистикалық деректерді жариялады, оған сәйкес 2025 жылы Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішіндегі ағымдағы бағалары бойынша посткеңестік рейтингте алғаш рет алға суырылып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қордың мәліметінше, ағымдағы баға деңгейі мен инфляцияны қамтитын бұл көрсеткіш 14,77 мың долларға жетіп, ел тарихындағы ең жоғары деңгейді және дамушы экономикалар арасында әлемдегі ең үздік нәтижелердің бірін танытты.

ХВҚ мәліметтері бойынша, Қазақстан рейтинг бойынша ең жақын көршілері – Ресейді (14,26 мың доллар) және Түрікменстанды (13,34 мың доллар) басып озып қана қоймай, сондай-ақ жан басына шаққандағы ЖІӨ 13,69 мың долларды құрайтын Қытайдың да алдын орайды.

 

Тізімде одан әрі мына елдер тұр: Грузия (9,57 мың), Армения (8,86 мың), Молдова (8,26 мың), Беларусь (7,88 мың), Әзірбайжан (7,6 мың), Украина (6,26 мың), Өзбекстан (3,51 мың), Қырғызстан (2,75 мың) және Тәжікстан (1,43 мың).

Рейтингтің төбесінде Латвия (24,37 мың доллар), Литва (30,84 мың доллар) және Эстония (32 мың доллар) тұр.

Мәселен, Түркияда жан басына шаққандағы ЖІӨ 16,71 мың долларға, Украинада 6,26 мың долларға, Үндістанда 2,88 мың долларға, АҚШ-та 89,11 мың долларға тең.
 
Бұған дейін сайтымызда "Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп-қатерлерді атады" деген материал жарияланған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар